jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Арктикалық суық: синоптиктер елімізде 40 градусқа дейін аяз болатынын ескертті

Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері елімізде аяз күшейетінін ескертті. Кей өңірлерде ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі.

23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсерін сақтап қалады. Сондықтан бұл аймақтарда кей жерлерде қатты қар жаууы мүмкін. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, республика бойынша бұрқасын, екпінді жел тұрып, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, арктикалық суықтың әсерінен солтүстік өңірлерде түнде 20-30 градусқа дейін, кей жерлерде 35 градусқа дейін, күндіз 13-20 градусқа дейін қатты аяз болады.

Ал орталық пен шығыста түнде 20-35 градусқа дейін, кейбір аудандарда 40 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

"Оңтүстікте түнде 15-25 градусқа дейін, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 5 -15 градус шамасында аяз сақталады", - дейді мамандар.

Арктикалық суық: синоптиктер елімізде 40 градусқа дейін аяз болатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.