Бүгін Қазақстанның ірі қалаларының бірінде 36 градусқа дейін аяз болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 23 қаңтар күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -7 градусқа дейін көтеріліп, түнде -12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -22 градусқа дейін жетіп, түнде -36 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,5 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны -5 градусқа дейін жетіп, түнде -15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2214299-bugin-qazaqstannyng-iri-qalalarynyng-birinde-36-gradusqa-deiin-aiaz-bolady/