jitsu gif

ҚазҰУ-дың жас ғалымы Оксфорд университетінен шақырту алды

Арыстанбек Ақылбай
Арыстанбек Ақылбай. Фото: instagram.com/gylym_jogarybilim

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыстанбек Ақылбай Оксфорд университетінен шақырту алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жас ғалым 2025 жылғы қаңтардан бастап Ұлыбританиядағы Оксфорд жаһандық және аймақтық зерттеулер мектебінде "Аймақтану" мамандығы бойынша оқитын болады.

Оқуды аяқтағаннан кейін Арыстанбек Оксфорд университетінің қауымдастырылған түлегі мәртебесін алады", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған дейін Арыстанбек Ақылбай Гарвардқа (АҚШ) шақырту алып, шақырылған ғылыми қызметкер ретінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген.

Айта кетейік, робототехникадан әлем чемпионы, Назарбаев зияткерлік мектебінің 17 жастағы оқушысы Иманәлі Көксал да Пенсильвания университетінде тегін оқуға мүмкіндік алған еді.

Дарынды бала есту қабілеті нашар адамдарға арналған ақылды сағат жасап шығарған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.