Зектілері

Air Astana қызы әуежайда қалып қойған Орал тұрғынына 5 млн теңге өтемақы берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
FlyArystan
FlyArystan ұшағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Адвокат Данилхан Шағатаев былтыр жазда қызы әуежайда қалып қойған Орал тұрғынына Air Astana 5 млн теңге өтемақы бергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Адвокат Данилхан Шағатаев және оралдық Жазира Мусина Instagram желісінде бірлескен жазба жариялап, сүйінші жаңалығын бөлісті.

"Сіздерге жақсы жаңалық айтқым келеді, қыздың анасы 5 млн теңгені толық алды. Air Astana сот шешімін мәжбүрлі түрде емес, өз еркімен орындады", - делінген хабарламада.

Адвокаттың айтуынша, бұл даулы іс жолаушылар тасымалына қатысты қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге бір себеп болды.

"Ең алдымен, азаматтарға болашақта кәмелетке толмаған балалардың құқығын бұзу жағдайы қайталанатын болса, олар сүйенетін шешім бар", - деп жазды адвокат.

Оның айтуынша, әуекомпаниясы жалпы сомасы 8,6 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған.

Еске сала кетейік, биыл жазда 12 жасар егіз қыздар Америкадағы тіл мектебінен Оралға Астана арқылы ұшып шыққаны, елордаға аман жеткен қос жасөспірімнің бірі Астана – Орал бағытында ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойғаны хабарланған еді. Бұл оқиға қоғамда біраз талқыланды.

Тамыз айында жасөспірімді жалғыз қалдырған FlyArystan қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.

Кейін сот Air Astana әуекомпаниясын Зеренің анасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2214399-air-astana-qyzy-auezhaida-qalyp-qoigan-oral-turgynyna-5-mln-tengge-otemaqy-berdi/