Зектілері

Қарағандыда Ленин атындағы кинотеатр мемлекетке қайтарылды

Жарияланған күні:

кинотеатр
В.И.Ленин атындағы кинотеатр. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Қарағанды қаласындағы Владимир Ленин атындағы кинотеатр мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, 1960 жылы ашылған кинотеатр Қарағандыдағы алғашқы екі залды кең экранды кинотеатр болған. Бұл ғимарат қаланың мәдени өмірінің орталығына айналып, қала тұрғындарына жоғары деңгейдегі премьералар, фестивальдар мен кинофорумдарды көрсетті. Алайда 1998 жылы нысан тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен заңсыз шығарылып, кейіннен жекешелендірілген.

"Қазыбек би ауданының прокуратурасы жекешелендірудің заңсыздығын сотта дәлелдеу үшін ұзақ және күрделі жұмыс жүргізді. Сот бірнеше айға созылды. Бұзушылықтар туралы ұсынылған дәлелдердің арқасында сот кинотеатрды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, бұл шара облыстың мәдени мұрасын сақтаудағы маңызды қадам болып. В.И.Ленин атындағы кинотеатр қайтадан Қарағандының мәдени өмірінің орталығына және жаңа естеліктер туындайтын орынға айналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2214555-qaragandyda-lenin-atyndagy-kinoteatr-memleketke-qaitaryldy/