Зектілері

"Өзгерту – харам": ҚМДБ тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруға қатысты пәтуа шығарды

Жарияланған күні:

жұбайлар
Жұбайлар. Көрнекі фото: pixabay.com

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруға қатысты пәтуа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мүфтиятқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Шариғатта әрбір адам өз тегімен аталуы тиіс. Алла Тағала Құранда:

"Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол", - деп бұйырды.

Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Өйткені Құранда: "Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі" деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр. 

Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте: "Мәсғудұлының әйелі Зейнеп (Алла оған разы болсын) Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп (кіруге) рұқсат сұрайды. "Уа Алланың Елшісі! Зейнеп кіруге рұқсат сұрап тұр!" - дегенде, ол: "Қайсы Зейнеп?" - деп сұрайды. "Мәсғудұлының әйелі", - деп жауап береді. Ол: "Кірсін" дейді. Сонда оған кіруге рұқсат береді".

Сондықтан тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес", - делінген ҚМДБ жариялаған пәтуада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2215509-ozgertu-haram-qmdb-turmysqa-shyqqan-qyzdyng-tegin-auystyruga-qatysty-patua-shygardy/