Тұман, көктайғақ, қар: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:

Ертең, 28 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты синоптиктер ескерту жасады. "Қазгидромет" мәліметінше, бірқатар облыста қар, тұман және көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Тұман. Оралда көктайғақ, тұман күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Қарағандыда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыс бойынша қар, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда күндіз қар, бұрқасын күтіледі.
Абай облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2215629-tuman-koktaigaq-qar-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/