jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шымкентте оқушы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

Арайлым Ермекбай
Арайлым Ермекбай. Скриншот: ontustiktv.kz

Шымкентте Арайлым Ермекбайдың жоғалғанына жеті күннен асты. Соңғы рет Алаш базарының маңынан таксиге отырдым деген оқушы қыз одан кейін мүлдем байланысқа шықпаған. Арада апта өтсе де көрдім-білдім деген жан жоқ, деп хабарлайды ontustiktv.kz.

Бір жетіден бері жанары құрғамаған Шынар Әжібекова бұрын-соңды қызының оғаш қылығын байқамағанын айтады. Сабағын оқып, қосымша курсқа қатысып жүрген Арайлым арасында Шұбарсудан Шымкентке келіп жұмыс істеген.

21 қаңтарда жұмыстан шыққан оқушы қыз 20:30-дар шамасында анасымен хабарласқан. Алаш базарының маңындағы кафелердің біріне ұялы телефонымды қуаттауға кірдім деген ол 1,5 сағаттан кейін де анасының қоңырауына жауап берген. Ол кезде аялдамадан таксиге отырғанын жеткізіпті. Одан кейін не хат жоқ, не хабар жоқ.

Арайлым – үйінің екінші перзенті. Атамекен жалпы орта мектебінде 11-сыныпта оқиды. Дәрігер болуды армандайды екен. Біреуге ашылып сырын да айта бермейтін дейді анасы. Ата-анасы 17 жастағы қызын екі тәулік бойы өздері іздеп таппаған соң, Абай аудандық ПБ хабарласқан. Одан бері арада бақандай бес күн өтіпті.

"Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған қыз туралы арыз бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылды, аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды", - дейді Шымкент ПД баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.

Қыздың ет жақындары халықтан көмек сұрайды. Арайлым Ермекбайдың бойы шамамен 160 см, аққұба келген, шашы қоңыр-қара түсті, бетінде аздаған секпілі бар. Сол күні үстіне қара түсті спорттық киім мен жеңсіз күртесі болған. Ал аяғында ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім, қолына кішкене ғана сөмке ұстапты. Егер Арайлым жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз, полицияға хабар беруіңізді сұраймыз.

Шымкентте оқушы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.