jitsu gif

Президент тапсырмасын орындауда Алматы облысы алда келеді

"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы шара
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы шара. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында Райымбек ауданында маңызда шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Оны Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Нарынқол орман шаруашылығы мекемесі ұйымдастырды. Ал жергілікті әкімдік шараның дұрыс өтуіне өз тарапынан барынша ықпал етті.

Шараның мақсаты — жастарға табиғатты қорғау мен орман шаруашылығының маңыздылығын түсіндіру, экологиялық жауапкершілікті арттыру. Оқушыларға сабақта үйренгендерін тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік беру. Бұл олардың экологиялық білімін жетілдіруге әсерін тигізеді.

"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы шара. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Шараға 6 мектептен 150-ден аса оқушы қатысты.  Бағдарлама аясында ашық сабақтар өткізіліп, оқушылар 1 кг Шренк шыршасы мен 1,5 кг қайың тұқымын  1000-ға жуық арнайы ыдыстарға отырғызды.

Жиын соңы мектеп оқушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.