Зектілері

Қар, көктайғақ, жаңбыр: Еліміздің барлық дерлік өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Тұман
Тұманды ауа райы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның бірқатар өңірінде ертең, 29 қаңтарда күн райы бұзылады. Нақтырақ айтқанда, қар жауып, жел соғуы және көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы синоптиктер хабарлады.

"Қазгидромет" дабылды ескерту жариялап, бірқатар өңірде күн райы бұзылатынын мәлім етті.

29 қаңтарда таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болуы мүмкін.

Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта 25 м/с. Петропавлда 29 қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болмақ. Күндіз қар, бұрқасын, облыстың батысында кей уақыттарда қатты қар, облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с жетеді. Қарағандыда қар, жаяу бұрқасын болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, облыстың орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, облыстың шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда түнде аздаған қар, күндіз қар күтіледі.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігіде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетауда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ сақталады, облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с жетеді. Ақтөбеде көктайғақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында қар, бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда таңертең және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, Оралда 29 көктайғақ, тұман күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2216018-qar-koktaigaq-zhangbyr-elimizding-barlyq-derlik-ongirinde-kun-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/