"Көлік қозғалысы ішінара шектеледі": Алматы қалалық полицейлері үндеу жасады
Опубликовано:
Алматыда 2025 жылғы 30-31 қаңтарда өтетін халықаралық іс-шара кезінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 30-31 қаңтарда келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:
- Майлин көшесі;
- Құлжа тас жолы;
- Бұқтырма көшесі;
- ШААЖ;
- Әл-Фараби даңғылы;
- Сейфуллин даңғылы;
- Достық даңғылы;
- Жароков көшесі.
"Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін жол инфрақұрылымына жауапты мамандар биыл Алматыда Саин, Абай, Төле би көшелерін ұзарту жұмыстарын толықтай аяқтауды көздеп отырғанын хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2216094-kolik-qozgalysy-ishinara-shekteledi-almaty-qalalyq-politseileri-undeu-zhasady/