jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді

Университет аудиториясы
Университет аудиториясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімін беру туралы шешімді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған еді. Бұл туралы президент былтыр мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтқан болатын.

"Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" атауы ресми түрде берілді.

Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бұрынғы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Закидің М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болғанын хабарлаған едік.

Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.