jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыны қалың қар басты: қалада 10 балдық кептеліс пайда болды

Алматы қар тазалау жұмыстары
Алматы қар тазалау жұмыстары. Көрнекі фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазгидромет" мәліметінше, бүгін қар кешкі 20:00-ге дейін 5-6 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Қар 31 қаңтар күні тағы жауып, тағы 3 мм қосымша жауын-шашын түсуі ықтимал. Бұл ретте қалада көліктер кептелісте тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 30 қаңтар күні ауа температурасы шамамен 0°С болады. 31 қаңтарға қараған түні температура -6…-8°С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…-4°С аралығында сақталады.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын жолда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол жүру кезінде ауа райын ескеруге шақырады.

2GIS қолданбасында көрсетілген ақпаратқа сай, 18:45-тегі жағдай 10 балл деп бағаланған. Әсіресе қаланың орталық көшелерінде көліктер кептелісте тұр.

2GIS қолданбасындағы кептеліс деңгейі
2GIS қолданбасындағы кептеліс деңгейі. Скриншот: 2GIS

Одан бөлек көшелердегі көліктер қозғалысы жол-көлік оқиғаларының салдарынан да қиындауы мүмкін.

Еске салсақ, синоптиктер Қазақстанның ірі қалаларының бірінде бүгін қар жауатынын мәлімдеген.

Алматыны қалың қар басты: қалада 10 балдық кептеліс пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.