jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Желіде шәкіртақы кешіктіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады: министр пікір білдірді

Қазақстанда шәкіртақы өседі
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков / NUR.KZ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек желіде тараған "студенттердің стипендиясы кешіктіріледі" деген ақпаратқа қатысты жазба қалдырды. Онда министр қазақстандық студенттерге бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр өзінің Telegram-дағы арнасында Қазақстан студенттеріне маңызды хабарлама жазды.

"Құрметті студенттер!

Қаңтар айына арналған мемлекеттік шәкіртақы төлемдері бүгін, 30 қаңтар күні төлене бастады. Бүгінгі күні Оператор 77 ЖОО студенттеріне төлемдер жасады. Мемлекеттік шәкіртақының қалған төлемдері ертең, 31 қаңтар күні жасалып бітеді.

Желіде шәкіртақы төлемдері кешіктіріліп жатқаны, нақтырақ айтқанда төлемдер 3 ақпаннан бастап жасалады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек қана ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.

"Құрметпен, "Қаржы орталығы" АҚ", - делінген хабарламада.

Желіде шәкіртақы кешіктіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады: министр пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.