Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 31 қаңтар күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -16 градусқа дейін жетіп, түнде -25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,3 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 0 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2216771-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/