Зектілері

Әйелдердің мешітте намаз оқығаны дұрыс па: діни басқарма өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Мешіт суреті
Мешіт алаңы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты тақырып қоғамда жиі талқыланады. Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап.

Шариғат және пәтуа бөлімінің хабарлауынша, әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуының оқасы жоқ. Бірақ үйінде оқығаны абзал.

"Ханафи мәзһабының ғалымдары жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған, себебі фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы" деген. Ал жасы үлкен қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намаздарда мешітке бара алады.

Алайда мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса онда баруға болады. Басты мақсат әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу", - дейді ҚМДБ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2216961-aielderding-meshitte-namaz-oqygany-durys-pa-dini-basqarma-okilderi-zhauap-berdi/