jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанның үздік бес туристік ауылы анықталды

Ауыл
Ауыл көрінісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Kazakh Tourism "Үздік туристік ауыл – 2025" ұлттық байқауын қорытындылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған.

Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік бес туристік ауылы анықталды:

  • Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы)
  • Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
  • Хан Ордасы (БҚО, Бөкей ордасы ауданы)
  • Поперечное (ШҚО, Риддер ауданы)
  • Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтогай ауданы)

Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village байқауында Қазақстанды таныстырады.

Атап өткен жөн, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы халықаралық деңгейде ең үздік туристік ауыл ретінде танылып, беделді UNWTO сыйлығымен марапатталды.

Қазақстанның үздік бес туристік ауылы анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.