jitsu gif

"Барлық сақтық шарасын сақтауды сұраймыз": Алматы облыстық ТЖД өңір тұрғындарына ескерту жасады

қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының тауларында 3-10 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

"ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен сақтық шарасын сақтауды сұрайды.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар", - делінген хабарламада.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, негізінен қар көшкіні температураның жоғарылауынан және мол жауын-шашынның (қар, жаңбыр) түсуіне байланысты болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.