jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Ақша туралы әңгіме болды": су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алтай Айнабекпен кездескенін айтты

Нұржан Нұржігітов
Нұржан Нұржігітов. Видеодан кадр: youtube.com/erbolatmuhamedjan

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Аралды жаңбыр суымен толтыруды мақсат еткен Алтай Айнабекпен кездескен. Өз технологиясын таныстырған блогер министрліктен қаражат та сұраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Jibek Joly телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, ол 2023 жылдың желтоқсан айында блогер Алтай Айнабекпен кездесіп, оның ұсынған технологиясымен танысқан.

"Біріншіден, айтылған 2 млрд 600 млн текше метр су — арнайы гидропосттардан өткен су. Суды өлшейтін арнайы құралдар бар. Бірақ сол судың Аралға жетуі үшін оны реттеу қажет, дұрыс бөлу керек. Сондықтан бұл — нақты дерекке негізделген көрсеткіш", - деді министр.

Нұржан Нұржігітов кез келген жаңа технология немесе әдістеме ғылыми негізде дәлелденуі тиіс екенін айтады.

"Екіншіден, мен ол жігітпен таныспын (Алтай Айнабек - редактор еск.) 2023 жылдың желтоқсан айында ол менің қабылдауымда болды. Өз жобасын таныстырды. Сол кезде мен оған: "Бірінші өз әдісіңді көрсет, дәлелде", — деп айттым. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін біз "ғалымдарды қосайық" дедік. Себебі әлеуметтік желіде "жаңбыр жауып жатыр, мен оны шақырдым" деп кез келген адам айта алады. Бірақ оны ғылыми түрде дәлелдеу керек. Сондықтан біз институттың ғалымдарын қосуға ұсыныс жасадық. Ғалымдар зерттеу жүргізсін дедік. Бірақ бұл жұмыс іске аспады. Ол қарсы болды деп айта алмаймын, бірақ бірге жұмыс істелмеді", - деді министр.

Алтай Айнабек жобасын таныстырғанда министрліктен қаражат та сұраған. Министр оның қанша ақша екенін айтты.

"Ақша туралы әңгіме болды. Бірақ біз бірінші кезекте ғылыми дәлелдемені талап еттік. Қазір нақты соманы есіме түсіре алмаймын, бірақ әңгіме 100-200 млн теңге көлеміндегі қаражат туралы болды", - деді Нұржан Нұржігітов.

"Ақша туралы әңгіме болды": су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алтай Айнабекпен кездескенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.