"Жібек Жолы" өткізу пункті уақытша жабылады": елшілік азаматтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:

Қазақ-өзбек шекарасындағы "Гишт Куприк" және "Жібек Жолы" өткізу пунктерінің уақытша жабылуына байланысты Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің ақпараты бойынша, 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап "Гишт Куприк" өткізу пункті оны жаңғырту жөніндегі құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін уақытша жабылады (4 айға).
Тиісінше, қазақстандық бөлімде 4 ай мерзімге көліктің барлық түрі мен жеке тұлғалар үшін "Жібек Жолы" өткізу пункті уақытша жабылады.
Осыған байланысты, елшілік Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін барлық азаматтан өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және Қазақстан-Өзбекстан шекарасын басқа ашық өткізу пункттері арқылы кесіп өтуді жүзеге асыруды сұрайды", - делінген елшіліктің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ елшілік тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге жол берілетін қазақ-өзбек шекарасындағы басқа да өткізу пункттерінің тізімін жариялады:
- "Қапланбек" (ҚР) – "Науаи" (ӨР);
- "Б.Қонысбаева" (ҚР) – "Яллама" (ӨР);
- "Қазығұрт" (ҚР) – "С.Наджимов" (ӨР);
- "Атамекен" (ҚР) – "Гүлстан" (ӨР).
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап "Тәжен" өткізу пункті үш айға жабылатынын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2217621-zhibek-zholy-otkizu-punkti-uaqytsha-zhabylady-elshilik-azamattarga-undeu-zhasady/