jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қатты аяз, көктайғақ, тұман: ақпан айында Қазақстан өңірлерінде күн райы қандай болады

аязды күні талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер ел өңірлерінде ақпан айында қандай ауа райы болатынын болжады. "Қазгидромет" бір айға арналған болжамды жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпан айының басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашынды бұлтты ауа райы сақталады. Елдің бірқатар өңірінде қар, жылбысқы қар, жаңбыр жауып, елдің солтүстік бөлігінде бұрқасын болуы мүмкін. Республиканың көп аумағында екпінді жел, тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Еліміздің басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасының көтеріледі. Оның ішінде елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз +10°С дейін жылы болса, солтүстігінде түнде -2-7°С дейін, күндіз +1°С дейін жылынады.

Елдің шығысы мен орталығында температураның негізгі фоны түнде -12-20°С, күндіз 0,-8°С-қа дейін жылынады.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Салехард аудандарынан суық антициклонның әсерінен Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі мүмкін:

- елдің солтүстігінде түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін;

- оңтүстігінде түнде -13-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін, таулы аймақтарда және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде түнде -30°С дейін, күндіз -20°С дейін.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде консультативтік болжамға сәйкес, аязды күндер жылы күндерге алмасады, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.

Суық антициклонның әсерінен ауа температурасы төмендейді. Мәселен, солтүстікте және орталықта түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін аяз болады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында күн түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін суиды.

Ал циклондық белсенділік кезеңінде солтүстікте күндіз -5+3°С дейін, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +5+15°С дейін жоғарылайды.

Қатты аяз, көктайғақ, тұман: ақпан айында Қазақстан өңірлерінде күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.