jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қолайсыз ауа райы: елімізде 3 өңірде жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді

Жол
Жолдағы көліктер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"ҚазАвтоЖол" Telegram-дағы арнасында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

3 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Ақмола облысы бойынша "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы бойынша "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 4 ақпан сағат 00:00-де ашу жоспарланған.

Жетісу облысы бойынша 2025 жылғы 3 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктума ауылынан Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.

Қолайсыз ауа райы: елімізде 3 өңірде жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.