jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Республикалық маңызы бар барлық жол қашан 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етіледі

Республикалық жол.
Республикалық жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Республикалық маңызы бар барлық жолды 2027 жылға қарай 100 пайыз интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 2024 жылы дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды зерттеу және егжей-тегжейлі талдау аяқталған.

Олардың нәтижесі бойынша антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет 243 нүкте анықталған. 104 станса құрлысы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Айта кетейік, бүгінгі үкімет отырысында биыл Қазақстанда қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бұл кірісті 60 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін.

2024 жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жеткен.

Республикалық маңызы бар барлық жол қашан 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.