jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, желі жұлдызына айналған шымкенттік күзетші туралы не білеміз (видео)

Жәнібек Қалдыбеков оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектесіп жатыр
Жәнібек Қалдыбеков оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектесіп жатыр. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqstantv

Әлеуметтік желіде оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектескен күзетшінің видеосы тарап, бұл көрініс желі қолданушыларын бей-жай қалдырмаған еді. Көптің ықыласына бөленген күзетші Шымкенттегі мектептердің бірінде жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, желі жұлдызына айналған күзетішінің есімі – Жәнібек Қалдыбеков. 63 жастағы азамат мектеп күзетшісі қызметіне жуырда қабылданған. Бұған дейін 40 жылға жуық уақыт автокөлік жүргізушісі болған.

Ал оқиға түсқайта Шымкенттегі мектептердің бірінде шығаберістегі бөлмеде болған.

Сабақ аяқталып, анасын күтіп отырған бастауыш сынып оқушысы бос уақытын құр өткізбей, үй тапсырмасын орындауға кіріседі. Алғашында балақайдың бұл әрекетін қызықтаған күзетші есепті бірге шығаруға кірісіп кеткенін өзі де байқамай қалады.

Жұмыс уақыты болса да Жәнібек Қалдыбеков оқушыға бар ынтасымен математика амалдарын түсіндіріп, есепті шығаруға жәрдемдескен. Ол қаншама жыл өтсе де "Көбейту кестесі" есінде екенін айтады.

Ал осы сәтті видеоға түсіріп, желіде жариялаған мектеп директорының орынбасары Думан Әсембек болып шықты. Видео әп-сәтте тез таралып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен.

Думан Әсембек видеоны жариялаудағы мақсат – адамның бойындағы ізгілік, жанашырлық сияқты құндылықтарды насихаттау, көпке үлгі ету дейді.

Оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, желі жұлдызына айналған шымкенттік күзетші туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.