jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Енді аяз болмайды деген нышан": Қазақстанның оңтүстігінде бәйшешек гүлдеді

Бәйшешек
Бәйшешек. Видеодан кадр: instagram.com/timur_baigulov

Түркістан облысының тауларында бәйшешек гүлдей бастады. Бұл туралы гид әрі фотограф Тимур Байғұлов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қыс әлі бітпеді. Бірақ Түркістан облысында бәйшешек гүлдей бастады. Қараңыздаршы, қандай әдемі", - дейді Байғұлов Instagram желісінде жариялаған видеода.

Оның жазуынша, видео Қазығұрт тауының етегінде түсірілген.

Ал желі қолданушылары осындай сұлулықты бөліскен фотографқа алғысын айтып жатыр.

"Көктемнің жаршысы, рақмет", "Рақмет саған. Көктем де алыс емес", "Бақытты бол, Тимур! Бәйшешекті кім бірінші көрсе, сол адам Алланың мейіріміне бөленеді", "Енді аяз болмайды деген нышан. Жерге жемре түсті", "Не деген сұлулық", "Көктем тезірек келсе екен", "Бізде солай Қазығұртта ерте оянады", - деп жазған желі оқырмандары.

Айта кетейік, былтыр қаңтарда Алматы маңындағы тауларда бәйшешек гүлдеген еді.

"Енді аяз болмайды деген нышан": Қазақстанның оңтүстігінде бәйшешек гүлдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.