jitsu gif

Мектепте балаларға құрамында есірткі бар "құлпынай-квик" кәмпиттері ұсынылатыны рас па

кәмпит
Кәмпит. Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұған қатысты ІІМ өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды IIM-нің баспасөз қызметі Telegram-дағы Polisia.kz арнасында.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, WhatsApp чаттарында таралып жүрген хабарлама шындыққа жанаспайды.

"Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдар тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство өкілдері ата-аналарға балаларына түсіндіру жұмысын жүргізудің маңызды екенін еске салады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.