Құнанбай көшесі: Семейде 12 көшенің атауы өзгереді
Опубликовано:

Семейде 12 көшенің атауы өзгереді. Олардың біріне Құнанбай Өскенбайұлының аты беріледі, деп хабарлайды 24.KZ.
Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, қаладағы Первомайская, Селевин, Уральская сияқты 12 көшенің атауы өзгереді.
Енді көшелер көрнекті тұлға Дулат Бабатайұлының, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов сияқты тұлғалардың есімімен аталады.
Семейде 1200-ден астам көше бар. Көбінің атауы идеологиялық тұрғыда ескірген және мән-мағынасы жоқ. Атауы өзгеретін көшелерге есімі ел тарихында қалған, өңірдің тарихы мен мәдениет, әдебиет, спорт салаларына еңбегі сіңген тұлғалардың және Алаш қайраткерлерінің есімі берілмек.
Сондай-ақ қысқа көшелерге жер-су аттарын беру мәселесі арнайы комиссия отырысында қаралады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Семейде жаңадан орнатылған тақтайшаларда жазушы Сәкен Сейфуллиннің тегінде бір "л" әрпі түсіп қалғандықтан, 106 тақтайшаны ауыстыруға тура келіп отырғанын хабарлаған едік.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2219657-qunanbai-koshesi-semeide-12-koshening-atauy-ozgeredi/