jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Биыл шетелге қанша адам көшті: Ұлттық статистика бюросы деректерді жария етті

Шетел асу
Әуежайдағы жолаушы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында қанша адам шетелден елге көшіп келгені және қанша адам шетелге көшіп кеткені туралы мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге келгендер (ықтиярхат алған) саны 29 948 адамды құраса, елден 12 784 адам кеткен. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 17,9 пайызға көбейсе, елден кеткендер саны 20,4 пайызға азайған. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болған. Сол елдерден келгендердің үлесі 81,1 пайыз болса, сонда кеткендердің үлесі 74,9 пайыз.

2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 47,6 пайызға артты. Өңіраралық көші-қон бойынша халық көші-қонының оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде қалыптасты: Астана (7 3238 адам), Алматы (36 061 адам), Шымкент қалаларында (9 361 адам) және Алматы облысы (2 639 адам).

Айта кету керек, биыл Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы демографиялық ахуал туралы мәліметтерді жариялады.

Биыл шетелге қанша адам көшті: Ұлттық статистика бюросы деректерді жария етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.