RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

5 жасар балаға лифтіде шабуыл жасалды: жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылды

Жарияланған күні:

Лифт батырмасы
Лифт батырмасы. Көрнекі фото: pexels.com

Астанадағы тұрғын үй лифтінде 5 жасар балаға шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицейлердің мәліметінше, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Ол заңды өкілімен бірге дереу полицияға жеткізілді. Қажетті тергеу амалдары аяқталған соң, оны оқшаулау бойынша шаралар қабылданады. Сонымен қатар оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде белгісіз біреу кішкентай балаға пышақ жарақатын салған. Бұл ақпаратқа ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Оқиғаны тексеру барысында психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған. Сонымен бірге зардап шеккен 5 жасар баланың жағдайы ауыр екені белгілі болды. Балаға ота жасалған. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2219955-astanadagy-turgyn-ui-liftindegi-shabuyl-zhasospirimning-zangdy-okili-zhauapkershilikke-tartyldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif