jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Интеллектуалдар алаңы: "Азамат" бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады

"Азамат" телебағдарламасы
Сурет: "Хабар" Агенттігі" Акционерлік қоғамы

"Хабар" телеарнасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында парламент мәжілісінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен "Азамат" бағдарламасы эфирге қайта оралады. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлімдеді.

2000-жылдардың басында "Хабар" телеарнасында көрсетілген "Азамат" интеллектуалды бағдарламасы тұтас бір буынның есінде қалды. Бұл жоба көшбасшыларды тәрбиелейтін, студенттердің шешендік өнерін шыңдап, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өз көзқарасын дәлелді қорғауға үйрететін маңызды алаңға айналды. Дәл осы бағдарламадан шыққан түлектер қазіргі таңда мемлекеттік қызметте, білім беру және кәсіпкерлік салаларында ел дамуына үлес қосып жүр.

15 жылдан кейін "Азамат" телебағдарламасы жаңартылған форматта көрерменге қайта ұсынылып отыр. Қазақстанның 100 жоғары оқу орнының арасынан пікірсайыс клубтары белсенді жұмыс істейтін 32 университет іріктеп алынды.

Жаңартылған "Азамат" бағдарламасының алғашқы шығарылымы Наурыз мерекесі қарсаңында "Хабар" телеарнасынан эфирге шығады. Бұл – студенттерге өз қабілетін танытып, аналитикалық және шешендік өнерлерін паш етуге берілген бірегей мүмкіндік.

Интеллектуалдар алаңы: "Азамат" бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.