jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Арманын хатқа түсіріп президентке жолдаған": Тоқаев сарыағаштық оқушыға сыйлық жасады (фото, видео)

Хиуаз Аршабай
Президенттен сыйлық алған Хиуаз Аршабай. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектептің 4 сынып оқушысы Хиуаз Аршабай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлық алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Білім басқармасының мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы №30 С.Торайғыров мектебінің 4 сынып оқушысы Хиуаз Аршабай "Президент балалардың арманын орындайды" деген әлеуметтік желідегі жазбаны оқып, арманын хатқа түсіріп, мемлекет басшысына жолдаған.

Бұл хат мемлекет басшысының назарынан тыс қалмаған, көп ұзамай президент Хиуазға өз атынан сыйлық жолдаған.

Елордадан келген сыйлықты Хиуазға Түркістан облыстық білім басқармасының мамандары табыстаған.

Хиуаз Аршабай
Хиуаз Аршабай. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Хиуаз – көпбалалы отбасындағы алтыншы қыз. Президентке жазған хатында ол бауырларына арнап ноутбук сұраған. Сонымен қатар мемлекет басшысымен жүздесуді қалайтынын жазған.

Ал бұл оқиға мектеп ұжымын ерекше қуанышқа бөлеген. Мектеп директоры Хиуазды мектебінің мақтанышы ғана емес, болашақта қоғамға пайдасы тиетін азамат ретінде көретінін жеткізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.