jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматының орталығындағы сауда павильоны бұзылды (фото)

бұзылған сауда павильонының орны
Бұзылған сауда павильонының орны. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сот шешімі бойынша Алматының орталығындағы сауда павильоны бұзылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан нысан заңсыз салынған деп танылған.

"Меншік иесі (жеке тұлға) нысанды қосымша рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған және оның пайдалануға беру актісі болмаған. Басқарма ҚР ӘҚБтК-нің 323-бабы бойынша шаралар қабылдады және орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан басқарма осы объектіні бұзу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) талап арыз берді", - делінген хабарламада.

сауда павильоны
Сауда павильонының бұзылғанға дейінгі көрінісі. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Соттың 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылған.

Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды бұзу жұмыстарын жүргізген.

Айта кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 66 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.

Алматының орталығындағы сауда павильоны бұзылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.