jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Досаев тұрғындардың кәуапханалардың жұмысына қатысты шағымына жауап берді

кәуап
Кәуап. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде қаладағы кәуапханалардың жұмысына қатысты тұрғындардың шағымына пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шаһар басшысы биыл наурыз айында мәслихатқа Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері енгізілетінін айтты. Бұл ережелерде гидрофильтрлерді орнату талаптары мен бақылау шаралары қарастырылған.

"Былтыр біз осындай бастама көтердік, ол қолдау тапты. Заңнамаға енгізілген өзгерістер аясында бұл ережелерді мәслихатқа ұсынып отырмыз. Егер олар қабылданса, бізде нақты жұмысты бастауға қажетті құралдар пайда болады. Бұған дейін айтқанымдай, заңды негізсіз кәсіпкерлердің қызметіне араласуға құқығымыз жоқ. Ал ережелер бекітілсе, біз соған сәйкес жұмыс істей аламыз", - деді Ерболат Досаев.

Өз кезегінде аудан тұрғыны кәуапханалардағы гидрофильтрлерді газға ауыстыруды ұсынды.

"Бұл жұмыстың екінші кезеңі. Қазіргі басты мәселе – кәуапханалардың қызметін реттеуге байланысты өзгерістер енгізу. Газға көшу мәселесін кейінірек талқылаймыз. Бұл мәселеге аудан әкімдерін қосамын, олар аталған мекемелердегі фильтрлердің жұмысын бақылап отырады", - деп сөзін түйіндеді қала әкімі.

Досаев тұрғындардың кәуапханалардың жұмысына қатысты шағымына жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.