jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы метросында таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздар үш минут сайын жүретін болды

метро
Алматы метросы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан былай Алматы метрополитенінде қарбалас уақытта пойыздар жиірек жүретін болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы метрополитенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метрополитен өкілдерінің хабарлауынша, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін және жолаушылар ағынының артуына байланысты Алматы метрополитені желісіне екі қосымша электр пойызы шығарылды. Бұл таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздардың қозғалыс аралығын 3 минут 6 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Аталған өзгеріс жолаушылардың сапарын барынша ыңғайлы етуге және қарбалас сәттерде пойыздарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта 13 құрамның қатар жүруі жолаушылардың платформада күту уақытын қысқартып, адам көп жиналмауын қамтамасыз етеді.

Метрополитен мамандары жолаушылар ағынын үнемі бақылап, пойыздар қозғалысының кестесіне қажетті өзгерістерді жедел енгізіп жатқанына сендіріп отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.