jitsu gif

Каспий теңізінің қызыл түске боялуы: сынама нәтижелері шықты

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысының экологтары бірнеше күн бұрын қызыл түске боялған Каспий теңізінен алынған су сынамаларының нәтижелерін жария етті. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық экология департаменті Ақтауда Каспий теңізінің жағалауындағы су қызыл түске боялғаннан кейін алынған су сынамаларын зертханалық зерттеуден өткізіп, нәтижелерін назарға ұсынды.

"Балдырлар суға қою қоңыр, қызыл түс береді. Бұл жерде қар жауып, құбылыс айқынырақ көрінді. Балдырлар таяз суда, атап айтқанда - біздің жағалауда өседі. Олар жинақталған жерлерде су қызыл түске боялады.

Әрине бұл табиғат құбылысы туралы білгенімізбен, судың жағдайын тексеруге міндеттіміз. Сынама нәтижесі судың қалыпты жағдайда екенін көрсетті", - дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қайсар Нәдірбек.

Еске салсақ, табиғи құбылысты Ақтаудағы 1А ықшамауданында Каспий теңізінің жағалауында серуендеп жүрген тұрғындар суретке түсіріп алған. Онда судың қан қызыл түске боялғанын байқауға болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.