jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы облысында өзендегі шлюзді белгісіз біреу ашып жіберіп, салдарынан аулаларды су басты

Су басқан аулалар
Су басқан аулалар. Скриншот видеодан алынды: t.me/qr_tjm

Бүгін Қарасай ауданы Көлащы ауылында Қаскелең өзенінен шаруашылық қажеттіліктер үшін ауылдың суару каналына жіберуге арналған шлюзді белгісіз біреу ашып тастаған. Салдарынан 4 ауланы су басқан, деп хабарлайды ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарлауынша, шлюзді ашу салдарынан 4 үйдің ауласын су басқан.

"Бұл аула аумақтары елді мекеннен тыс жерлерде ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз түрде салынған. Оқиға орнында ТЖД-нің 7 қызметкері, 2 бірлік техника және 2 мотопомпа, ЖАО 3 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ ақпаратына сай, қазіргі таңда Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері шлюзді ашқан адамды іздестіріп жатыр. Аэровизуалды тексеру және дұрыс шешім қабылдау үшін ұшқышсыз ұшатын аппарат тартылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.