RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасы: қылмыстық іс сотқа жолданды

Жарияланған күні:

Костенко атындағы шахта
Костенко атындағы шахта. Иллюстрациялық фото: Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Х желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

"10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданды", - делінген бас прокурордың әлеуметтік желідегі жазбасында.

Костенко атындағы шахтада болған апат

Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы жарылыс 2023 жылы қазанның 27-нен 28-не қараған түні болған еді. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шеккен.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

2023 жылғы желтоқсан айының басында Қазақстан үкіметі ArcelorMittal-дың Қазақстаннан шығуы бойынша келіссөздер сәтті аяқталғанын хабарлады. Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АМТ жаңа инвесторы кәсіпкер Андрей Лаврентьев екенін мәлімдеді

Кейінірек ArcelorMittal Теміртау ресми түрде QARMET болып өзгертілді.

Еске сала кетейік, Бас прокуратура Костенко атындағы шахтада болған апатқа қатысы бар делінген күдіктілердің аты-жөнін жариялаған еді. Тергеу қорытындысы бойынша кеніш басшыларының арасынан күдікті 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 9-ы қамауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2221440-kostenko-shahtasyndagy-46-kenshining-qazasy-qylmystyq-is-sotqa-zholdandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif