jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда алты әуежай мен 70-тен астам ұшақтың техникалық жай-күйі тексерілді

Ұшақ
Әуежайдағы ұшақ. Көрнекі фото: pexels.com

Үкімет отырысында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Қазақстанның авиакәсіпорындарын тексеру нәтижелері туралы айтты. Еліміздегі ірі алты әуежай мен 71 азаматтық әуе кемесі тексеріліп, 686 ұшқыштың дайындығы қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Авиациялық әкімшілік негізгі ірі авиакәсіпорындарды, Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларындағы алты әуежайды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі, ұшуларды авариялық-құтқару және орнитологиялық қамтамасыз ету тұрғысынан тексерген.

Сонымен қатар алты тұрақты әуе тасымалдаушының 71 азаматтық әуе кемесін перрондық тексеруден өтті. Нәтижесінде 18 бұзушылық жойылған. Сондай-ақ 686 ұшқыштың дайындығы мен ұшу алдындағы бақылауына талдау жүргізілді.

Сондай-ақ Авиациялық әкімшілік Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне қоса, азаматтық авиацияның негізгі субъектілерін жоспардан тыс тексеруді жалғастырып жатыр.

Авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Радудың айтуынша, Қазақстанда 47 әуе кемесін пайдаланушы бар, тізілімде 944 әуе кемесі тіркелген, олардың 377-сінің ұшуға жарамдылық сертификаттары бар.

Қазақстанда алты әуежай мен 70-тен астам ұшақтың техникалық жай-күйі тексерілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.