jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандықтарға +870 кодымен басталатын нөмірлерге қоңырау шалмау туралы ескертілді

Смартфон
Ұялы телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

"Мемлекеттік техникалық қызмет" компаниясы қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады. Компания өкілдері +870 кодымен басталатын телефон нөмірлерін пайдалану арқылы жасалып жатқан алаяқтық әрекеттер көбейгенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы өкілдері +870 кодымен басталатын нөмерлерден түсетін қоңыраулар мен хабарламаларға сақ болуды сұрап отыр.

" +870 кодымен байланыс Инмарсат спутниктік жүйесіне тиесілі және ол теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс орнатуға арналған. Алайда алаяқтар бұл кодты Қазақстанның телефон нөмірлеріне ұқсас болғандықтан тұрғындарды алдау үшін белсенді түрде қолданып жатыр", - делінген хабарламада.

Алаяқтар Инмарсат спутниктік жүйесінде қолданылатын тағы бірнеше ұқсас кодты пайдалануы мүмкін:

  • +870 — жалпы желіге кіру коды (SNAC);
  • +871 — Атлант мұхитының шығысы (AOR-E);
  • +872 — Тынық мұхит аймағы (POR);
  • +873 — Үнді мұхиты аймағы (IOR);
  • +874 — Атлант мұхитының батысы (AOR-W).

"+870 коды — жалпы байланыс коды, бірақ бұл код арқылы қандай спутник қолданылғаны белгісіз. Сонымен қатар SNAC терминалдарына қоңырау шалу мүмкіндігі жоқ.

Алаяқтардан сақ болыңыз!

  • +870 және осыған ұқсас кодтары бар бейтаныс нөмірлерге қоңырау шалмаңыз!
  • Жеке деректеріңізді, SMS кодтар және банк карталарыңыз туралы ақпаратты ешкімге бермеңіз!
  • Егер сізден код немесе басқа ақпарат сұралса, бұл алаяқтықтың белгісі болып табылады. Ешқандай ақпарат бермеңіз!", - деп ескертеді "Мемлекеттік техникалық қызмет" компаниясының өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.