jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қызылорда облысында сең қозғалды: 30-ға жуық елдімекенге су басу қаупі төніп тұр

Сең
Сең. Көрнекі сурет: fhm/Getty Images

Сырдарияда сең қозғалды. Қазіргі таңда өзен арнасы бақылауға алынып, азаматтық қорғау қызметі дайындық жасап жатыр. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков өңірге барып, жағдайды бағамдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде өзеннің Қызылордаға дейінгі бөлігі мұздан толық тазарған. Сірескен сең ақырындап қала тұсынан өтіп жатыр. Ал қауіпті саналған 5 учаске бақылауда. Қазір солтүстік аудандардағы мұздың қалыңдығы 20-40 см. Аймақта су басу қаупі жоғары 29 елдімекен болса, ондағы халық саны 70 мыңға жуықтайды. Мамандар болжамынша, Сырдариядағы сең наурыздың орта шенінде Арал теңізіне жетуге тиіс.

"Сеңнің жүруі байқалды. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгеттері қалыпты жағдайда. Облыста 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті орналасқан. Сонымен қатар 22 уақытша орналастыру пункті, 13 жылыту пункті жұмыс жасайды", – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Бейбітхан Спанов.

Қызылорда облысында сең қозғалды: 30-ға жуық елдімекенге су басу қаупі төніп тұр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.