jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

93 блогерге жіберілген салық хабарламалары кері қайтарылды: Мемлекеттік кірістер комитеті себебін түсіндірді

Телефон ұстап отырған әйел
Телефон ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: fizkes/Getty Images

Қазақстанда 93 блогерге жіберілген кірісін төмендету бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары кері қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, блогерлердің хабарламалары техникалық ақау жойылғаннан кейін қайта жасақталып, жіберіледі.

"Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 93 блогердің 9,8 млрд. теңгеге қалыптастырылған хабарламасы кері қайтарылды. Хабарламалардың қайтарылу себебі – оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуы. Техникалық ақаулар жойылғаннан кейін 93 блогерге қатысты хабарлама қайта қалыптастырылады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері блогерлерге кірісін төмендету бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілгенін хабарлаған еді.

Құзырлы органдағылар 594 тұлғаға қатысты 53,3 млрд теңгеге ауытқушылық анықталғанын мәлімдеген.

93 блогерге жіберілген салық хабарламалары кері қайтарылды: Мемлекеттік кірістер комитеті себебін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.