jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жол жабық: бірнеше облыста ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды

Жол
Жолдағы көліктер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылып, салдарынан жолдар жабылды. Нақтырақ айтқанда, 4 бірдей облыста көлік қозғалысы шектелген, деп хабарлайды "ҚазАвтожол".

2025 жылғы 21 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы:

- "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы);

- "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғасы - ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы);

Жол учаскелерін 2025 жылғы 22 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

- "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Маржанбұлақ ауылы).

Жолды 2025 жылғы 22 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қызылорда облысы:

- "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғасы - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).

Жолды 2025 жылғы 22 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысы:

- "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 22 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Маңғыстау облысы:

- "Жетібай - Жаңаөзен - ТР шекарасы" автожолының 0-58 шақырым аралығы (Жетібай ауылы - Жаңаөзен қаласы);

- "Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" автожолының 332-786 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы - Ақтау қаласы).

Жол учаскелерін 2025 жылғы 22 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Жол жабық: бірнеше облыста ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.