jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанадан Ақтауға бағыт алған ұшақ елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанадан Ақтауға бағыт алған FlyArystan ұшағы елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 2025 жылғы 23 ақпанда Астана-Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты.

Өртті әуекомпанияның бортсеріктері жедел сөндірді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

FlyArystan өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін айтты.

Ал рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылған.

Сондай-ақ әуекомпанияның өкілдері барлық жолаушы билеттерін қайта брондай (борандау тегін) алатынын немесе ақшасын қайтарып ала алатынын еске салды.

Астанадан Ақтауға бағыт алған ұшақ елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.