Күзден бастап Қазақстанда ҰБТ-ға арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін
Жарияланған күні:

Биыл күзден бастап Қазақстанда ҰБТ-ға арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі айтты, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
Нұрсұлтан Махатовтың сөзінше, бұл бірегей, яғни қайталанбайтын тест тапсырмаларының санын көбейтіп, сұрақтарды әзірлеу кезіндегі адами факторды төмендетуге көмектеседі. Әрі шығындарды азайтады.
Сонымен қатар министрлік өкілдері AI talapker чат-ботын құру да жоспарда бар екенін айтты. Бот студенттерге ҰБТ тапсырудан бастап, грантқа түсуге дейінгі мәселелер бойынша кеңес береді.
Бұдан бөлек, жасанды интеллектті еліміздің өзге де салаларына ендіру мәселесін қолға алу үшін қазір AISana иноовациялық бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оның аясында 100 мың студент жасанды интеллекті дамыту бойынша қажетті дағдыны үйреніп жатыр.
"AI-Sana" болашақ даму үшін стратегиялық құрал, инновациялар мен кәсіпкерлік үшін трамплин. Сондай-ақ студенттік кезден бастап стартап ұлтты қалыптастыру үшін идеологиялық негіз болады деген ойдамыз", - дейді "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы Кәміл Ақатов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223479-kuzden-bastap-qazaqstanda-ubt-ga-arnalgan-tapsyrmalardy-zhasandy-intellekt-azirleui-mumkin/