Зектілері

Алматыдан Ыстықкөлге апаратын төте жолдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Жол
Жолдағы көліктер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыдан Ыстықкөлге тікелей апаратын жолдың құрылысы биыл басталады, ал қаржы көзі ретінде Азия даму банкі таңдалып отыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы екі ел үкімет басшыларының Астанадағы кездесуінде мәлім болды. Қазір Алматыдан Ыстықкөлге жету үшін 460 шақырым жол жүру қажет. Ал төте жолдың ұзақтығы, небәрі 90 шақырым.

Бұл жоба екі ел арасындағы көлік қатынасын жеңілдетіп, туризм саласына оң ықпал етеді деген сенім бар. Жалпы қос тарап сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттардан бөлек, логистиканы дамытуға айрықша ден қойып отыр. Әсіресе шекарадағы өткізу бекеттерінің жағдайын жақсарту бойынша, алда ауқымды жұмыс күтіп тұр.

"Сортөбе" өткізу пунктінде қазіргі уақытта ауыр жүк тасымалдайтын көліктердің өтуіне мүмкіндік жоқ. Сол жерде орташа жөндеу өткізіп, алдағы мамыр айынан бастап ол жақта да ауыр жүк көліктерін өткізуді бастаймыз. Оған қоса, жаңа мәселе талқылап отырмыз. Жаңа тоғызыншы өткізу пунктін ашу. Оның шеңберінде "Ақсу – Камышановко" деп аталатын жолаушыларды және жүк көліктерін өткізу пунктін ашуды жоспарлап отырмыз", - дейді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223480-almatydan-ystyqkolge-aparatyn-tote-zholdyng-qurylysy-qashan-bastalatyny-belgili-boldy/