jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 28 жаңа мектеп салынады

мектеп
Мектеп. Фото: t.me/oqu_agartu

Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.

"Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан", - дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Министрліктің дерегінше, 2024 жылы 25 мектеп салынған, олардың басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Айта кетейік, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушыға шақталған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.

Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 28 жаңа мектеп салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.