Қар мен жаңбыр: еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 26 ақпан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда қар мен жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін жетіп, түнде -9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін қар жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 2 градусқа дейін жетіп, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223704-qar-men-zhangbyr-elimizding-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/