Перизат Қайратқа қатысты іс: "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоры таратылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Перизат Қайрат басқарған "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
"Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі 2021 жылғы қазан айында тіркелген.
Биылғы жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және мәжбүрлі түрде тарату туралы талап-арыз берілген.
Сотқа талап-арыз беруге Қаржы мониторингі агенттігінің "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігінің тіркеу процедурасының күшін жою туралы бастамасы негіз болған.
Агенттіктің хатында бірлестіктің құрылуы кезінде заңбұзушылықтарға жол берілгені, оны жою мүмкін еместігі, яғни заңды тұлғаны сот шешімімен таратуға негіз бар екені айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты сотқа дейінгі тағы бір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223878-perizat-qairatqa-qatysty-is-biz-birgemiz-qazaqstan-2030-qory-taratylady/