jitsu gif branding logo appbranding logo app

Семейде оқушының соққыға жығылуы: мектеп директоры жұмыстан қуылды

Мектеп жабдықтары
Мектеп жабдықтары. Көрнекі фото: pexels.com / Katerina Holmes

Абай облысында Семейде соққыға жығылған оқушының оқиғасына қатысты мектеп директоры жұмыстан шығарылды. Бұл туралы өңірлік Білім басқармасы Instagram-дағы арнасында хабарлады.

Ведомство хабарлауынша, оқиғаға байланысты білім беру мекемелерінің басшылық құрамына тәрбие жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған.

"Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарына тәртіптік жаза қолданылды. Семей қаласының орта мектеп директоры, сонымен бірге арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының директоры сөгіс алды. Одан бөлек Семей қаласындағы тағы бір мектеп директоры қызметінен босатылды, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпанда желіде Семейде жасөспірімдер өзінің қатарласын аяусыз соққыға жыққан туралы видео тараған еді. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиғаның барлық қатысушысы дереу анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін мәлім етті.

Кейін Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін және Семейде жасөспірімдер соққыға жыққан оқушыға қатысты оқиғаны талқылағанын хабарлады.

Ал бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңге байланысты жиын өткізді. Жиынға прокуратура, полиция департаменті, білім басқармасы басшылары және бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысқан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.