"Әділ сома": энергетика министрі жылу мен жарық төлемдеріне қатысты қазақстандықтардың шағымына пікір білдірді
Жарияланған күні:

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомство брифингінде қазақстандықтардың жылу мен жарыққа келген төлемдердің сомасына қатысты шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Брифинг барысында журналистер қазақстандықтар қаңтар айына келген жылу мен жарық төлемдерінің сомасына шағымданып жатқанын айтып, ведомство басшысынан осы жайтқа пікір білдіруді сұраған.
"Көрші елдер төлеп отырған төлемдермен салыстырғым да келмейді. Энергетика министрлігі құзыреті аясында энергетикалық сектор жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Яғни, өздеріңіз білетіндей, біз 90 пайызға дейін тозған электр станцияларында тарифтерді көтердік. Осы жұмыс нәтижесінде шамамен 19 станция қызыл аймақтан шығарылған", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Осылайша, министрдің сөзінше, қазіргі шоттар, егер олар дұрыс есептелген және операторлар бағаны көтермесе, елдегі тарифтерге сай.
"Егер олар дұрыс есептелсе, демек төлемдер ҚР бекітілген тарифтерге сай есептелген. Бірақ, тағы да айта кетейін, электрэнергиясы мен жылуғ газға тікелей шот есептеледі. Яғни, сіз тұтынып отырған көлем сізге көрсетілген қызметтер көлеміне көбейтіледі. Бірақ барлық елдегідей, тұтыну көлемін азайтып, оңтайландыруға мүмкіндік бар. Ұжымдық есептеуіштер орнату, өзіңізге ыңғайлы қызмет көрсетушіні таңдауға қатысты мәселелер бар. Бірақ негізгі сома, егер ол бекітілген тарифтерге сай есептелсе, әділ болып саналады", - деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223990-adil-soma-energetika-ministri-zhylu-men-zharyq-tolemderine-qatysty-qazaqstandyqtardyng-shagymyna-pikir-bildirdi/